
---------------------------------------------
«Дем. Соңғы үміт» — зағип және көру қабілеті төмен көрермендерге бейімдеу үшін «Жетінші арна» қолға алған алғашқы жоба. Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен түсірілген онколог-дәрігерлер жайлы медициналық драма енді кәсіби тифлокомментариймен қолжетімді. Бұл көру мүмкіндігі шектеулі жандарға телехикаяны еш кедергісіз тұтынуға мүмкіндік береді.
Қатерлі ісікке шалдыққанын білген Жанат жұмысқа немқұрайды қарап жүр, өмір сүруге де құлшынысы жоқ. Бірақ аяғы ауыр әйеліне ауруы жайлы айтқысы келмейді.
Ал Сырым компьютер клубында ойын ойнап отырған жерінен әйеліне ұсталып қалады.
---------------------------------------------
#ЖетіншіАрна #жетиншиарна #7арна #Дем #демСоңғыүміт#демсонгиумит #демсонгыумыт