Жиырма бірінші ғасырда Қазақстан уран өндіруден әлем бойынша бірінші орынға шықты. Біз әлемді осы құнды ресурспен қамтамасыз ете отырып, неге өз еліміз бен халқымыз үшін атом энергиясын әлі күнге дейін пайдаланбайтынымызды анықтауды жөн көрдік. Осы мақсатта SEZAR FILMS тобы еліміздегі ең маңызды атом нысандарымен, сондай-ақ АЭС салынған немесе салынып жатқан елдермен танысты.
Біз Ақтауда әлемдегі алғашқы жылдам нейтрондағы реакторды көрдік.
Біз ядролық реакторларға арналған отын өндіретін бірегей Үлбі металлургиялық зауытында болдық.
Бізді Түркияда орналасқан әлемдегі ең ірі атом құрылысы — Аккуюды көруге шақырды.
Біз Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталықтың және Алматыдағы Ядролық физика институтының мамандарымен таныстық.
Тіпті Қызылорда облысындағы кен орнында болып, уранды қалай өндіретінін өз көзімізбен көрдік.
Сапарымыздың соңында Балқаш көлінің жағасындағы Үлкен ауылына барып, үлкен атом құрылысы басталады деген үміттерін үзбеген ауыл тұрғындарымен әңгімелестік.
Сонымен қатар, біз ядролық өнеркәсіп пен ғылымның қазіргі жағдайы туралы әңгімелеп берген көптеген сарапшылардан сұхбат алдық және ең маңыздысы, алдағы уақытта Қазақстанды не күтіп тұрғанын білдік.
Бұл баға жетпес мәліметтерді жинап, біз Қазақстандағы энергетика тарихын, оның жүз жылға жуық уақыт бұрын пайда болғанынан бастап бүгінгі күнге дейін қамтыған фильм жасадық.
Референдум қарсаңында біз елдегі энергетикалық дағдарыстың себебі неде екенін және оны болдырмау үшін не істеуге болатынын объективті түрде түсіндіруге тырыстық.
Ядролық электр станцияларын салуға балама бар ма?
Қазақстан халқына бейбіт атомның қайта жандануы не береді? деген сұрақтарға жауап іздедік.
#аэс #атомнаяэнергетика #будущее #технологии #электричество #энергия #атом