Қосымша құн салығы көтерілсе, пойыз бен әуе билеттері қымбаттап кетпей ме? Бұл сұраққа бүгін Көлік министрінің орынбасары Талғат Ластаев жауап берді. Ведомство өкілінің сөзінше, бұл теміржол қызметіне әсер етпейді. Баға бақылауда болады. Алайда ұшақпен қатынауға қатысты өзгеріс болуы мүмкін.