
Содан етік киген мысық өте танымал.Тіпті оған арнап мүсін орнатып қойыпты.Жұртпен бірге көңіл көтеріп жүреді.Бір кезде парик киген бір шал жетіп келеді.Сөйтсе,бұл көңіл көтеру орын осы шалдікі.Сонымен қатар,ол етік киген мысықты іздеп жүр.Шалдың қасындағы адамдар мысықты ұстап алмақшы болады.Бірақ мысық олармен қылыштасып өзінің керемет берілмейтінін көрсетеді.Халықтың бәрі мысықты қолдайды.Олар от шашып көңіл көтеріп жатыр еді,сол кезде орман жақта алып құбыжық оянып кетеді.Бірден осы адамдар жиналған жерге келеді.Бәрін қирата бастайды.Үлкен құбыжық шалды да алып кетеді.Сол кезде етік киген мысық бұл құбыжықпен төбелесіп кетеді.Сөйтіп әлгі дәуді жеңеді.Хадық деген керемет қуануда.Артынан мысық дәрігерге көрінуге барады.Содан дәрігер мысыққа қарап жағдайың қиын екен.Неше рет өлдің дейді.Содан мысық есіне алып кетеді.Бірнеше рет өліп тірілген екен.Тоғыз жаны бар ғой енді.Сөйтсе 8 рет өліпті.Дәрігер болса,енді бір жыл қалды.Енді құтырып ойнауды тоқтату керек дейді.Мысық болса,қайдағы мені халық жақсы көреді.Мен жәй жүре алмаймын дейді.Дәрігер болса,сені жақсы көретін біреу бар ма, сонымен өміріңнің соңына дейін бірге тұра аласың ба деп сұрайды.Мысық нақты жауап айтпайды.Сол кезде,дәрігер Луна деген қараушының мекен жайын береді.Осы кісіге барсаң,ол сен сияқтыларды өзінің үйінде қабылдайды дейді.Бірақ мысық намыстанады.Мен үйдің мысығы емеспін.Мен қаһарман етік киген мысықпын дейді.Кейін ол барда отырып,сүт ішіп отырады.Бір кезде ысқырып,анубистің кейпінде жан алушы келеді.Етік киген мысық шошып кетеді.Жан алушы мысықпен сөйлесе бастайды.Әйгілі етік киген мысықты қараңыз деп күледі.Сосын ол қағаз алып шығып,маған қолыңызды қоясыз ба.Мен сені баяғыда іздеп жүр едім.Тірі болмаса өлі күйінде дейді.Етік киген мысық болса,мен деген өлімнен қорықпаймын.Мен тек өлімге күлемін дейді.Мені алып кету үшін келсең,бекер келдің.Мені жеңе алмайсың дейді.Сонда жан алушы оған,бәрі мені жеңеді деп ойлады. Бірақ ешкім әлі жеңе алмады деп қалады.Мысық өзінше бұған атылады.Бірақ енді жан алушыны ешкім жеңе алмайды ғой.Етікші мысық олай бұлай құлайды.Алғашқы рет мысық қорқа бастайды.Сонда жан алушы бұны сезеді.Мысықтың бүкіл өмірі көз алдынан өте бастайды.Мысық қорқып бұл жерден қашып,суға секіріп басқа жаққа кетіп қалады.Мүлдем осы қаладан орман жаққа кетеді.Содан дәрігердің айтқанын жасайын деп,әлгі Луна деген қараушының балалар үйіне келеді.Өзінің бүкіл заттарын жерге көміп,қарапайым мысық сияқты бұл үйге кіреді.Луна болса оны жуындырып болған соң,басқа мысықтардың арасына апарады.Мысықтар өте көп екен.Арнайы дәретханалары бар.Сонымен қатар бәрі де мысыққа арналған тамақ жейді.Бұның бәрін етік киген мысық менсінбейді.Енді басқа жақта етік киген мысықты бір қыз үш аюмен іздеп жүр екен.Етікші мысықтың сақалы өсіп кетеді.Бір кезде қасына дәл өзі сияқты сөйлейтін мысық келеді.Мен де сөйлей аламын.
Әссәләму әлейкум достар! Кино туралы каналымызға қош келдіңіз! Біздің каналда әлемдегі жұлдыздардың өмір баяны.Сонымен қатар,фильмдерге шолу және ол фильмдер жайлы қызық жайттар айтылады. Досым,каналымызға тіркеліп қойыңызшы.Сіздің әрбір қолдауыңыз біз үшін маңызды. Әр бейнеге лайк басып досыңмен бөлісуді ұмытпа!
#Киношолу #котвсапогах2