
Қанды оқиғаға байланысты 9 адам кінәлі деп танылып, нақты мерзімге сотталды.
• Абзал Шынасыл – 23 жыл
• Равиль Сакиев – 20 жыл
• Азамат Тоқтаубаев – 15 жыл
• Нұркияс Ілиясов – 9 жыл
• Шыңғыс Белғожақов, Дархан Аскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет – әрқайсысы 7 жыл
• Думан Ысқақ – 1 жыл 6 ай
Тергеу барысында оқиға тұрмыстық жанжалдан туындағаны анықталды. Сот үкімімен қылмыстық топтың хулигандық әрекетке барғаны және суық қару қолданғаны дәлелденді.
Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын. Енді оған сот нүкте қойды.