
Диетаға сай
Қажетті заттар:
- 1 стакан күріш (суға піскен, сірке суымен аздап дәмделген)
- 1-2 ас қасық алма сірке суы
- авокадо (ұсақ туралған)
- қияр (ұсақ туралған)
- 2-3 ас қасық сүзбелі ірімшік (немесе рикотта)
- нори жапырақтары (ұсақтап туралған)
- аздап тұз (қаласаңыз)
Дайындау тәсілі:
1. Күрішті дайындау:
Суға пісірілген күрішке алма сірке суын құйып, араластырып, толық суытып қойыңыз.
2. Қоспа жасау:
Суыған күрішке ұсақталған нори жапырақтары, авокадо, қияр, сүзбелі ірімшікті қосып, жайлап араластырыңыз. Қаласаңыз аздап тұз қосуға болады.
3. Шарик жасау:
Қолыңызды сулап, 1 ас қасық күріш қоспасынан алып, дөңгелек шарик жасап шығарыңыз.
4. Күнжіт себу:
Шариктердің сыртын күнжітке аунатып шығыңыз немесе үстіне жай ғана аздап себіңіз.
5. Суытып ұсыну:
Шариктерді тоңазытқышта 10 - 15 минут суытып, табаққа әдемілеп қойып, ұсыныңыз.
Бұл рецепт қуырусыз, майсыз, балғын және жеңіл тағам ретінде керемет үйлеседі. Балаға да, үлкенге де ұнайды.
Қаласаңыз, жанына соя тұздығын, қышқыл-тәтті соус немесе үйде жасалған йогурт-соус ұсынуға болады.
#рек #рецепты #рецепт #рекомендации #роллы #рецепты #роллы #ленивыероллы