
Израиль мен Иран бір-бірін атқылап жатыр. Бүгін түнде еврей елі Ислам республикасының бірнеше аймағын соққылады. Соның ішінде ел астанасы Тегеран бар. Мұнда ең көп жолаушыны қабылдайтын халықаралық әуежай маңында өрт шығып, жарылыс дыбыстары естілген. Бұдан бөлек кейінгі соққылар Иранның әскери базасы мен ірі ядролық нысаны орналасқан қалаларға да жасалған. Шабуылдан қандай шығын келгені туралы нақты мәлімет жоқ.
#Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24