
баулу мақсатында
«Жас қалқан» әскери-патриоттық клубында
тәрбиеленушілер 2025 жылғы 9 сәуірде Тұңғыш Президент Музейі ұйымдастырған «Тарих парақтары: Қайтарылған есімдер» диалог алаңына
қатысты.
Іс-шараның мақсаты - тарих парақтарын еске алу және фашизмді жеңуге
қазақстандықтардың қосқан үлесі туралы жастарға баяндау.
Іс-шараның қадірлі қонақтарының бірі - «Мемориалды аймақ» іздестіру тобының жетекшісі, профессор, ұрыс алаңында қаза тапқан жауынгерлердің есімін анықтауға орасан зор үлес қосып жүрген Майдан Көмекұлы Құсайынов балаларга адам тағдыры, жауапкершілік, жүктелген міндетке деген адалдық, қайыспас қайсарлық туралы айтып берді. Сондай-ақ диалог форматында еткен шарада жастардың қойган сұрақтарына ізгілікті іспен айналысып жүрген
Майдан Көмекұлы жан-жакты әрі толыққанды жауап берді.