
Мәулана Руми: «Ілім де, хикмет те, Құдайға деген ғашықтық та, шынайы мейірімділік те ішіп-жемнің адал болуына байланысты. Асқазанға түскен бір түйір ас бойда қызғаныш пен арамзалықты оятса, надандық пен ғапылдыққа берілуге сеп болса, онда мұндай ас – харам. Бидай егіп, арпа жиды дегенді естідің бе?» деген екен. Осылайша, Мәулана ізгі адам болудың және ізгі ұрпақ өсірудің халал аспен тығыз байланысты екеніне меңзейді. Келер ұрпақтың ары таза, рухани дүниесі бай болсын десек, бала-шағамызды, отбасымызды халал, таза аспен қамтамасыз етуіміз қажет. Ел мерейін үстем еткен батыр да, ақын да, ғұлама ғалым да тазалықтан туған. Бұрынғы кезде ата – бабаларымыз тек таза, табиғи, ешқандай химиялық қоспасыз өнімдерді пайдаланған болса, ал, қазіргі уақытта синтетикалық қоспаларсыз тағам өндірілмейтін болды. Бұл синтетикалық қоспалардың адам ағзасына тигізетін зиянды әсері қазіргі тұтынушыларды да алаңдата бастады. Елімізде жақында білек сыбана жұмысына кірісіп кеткен «халал стандарт» ұйымының мақсаты да – бірінші кезекте өнімнің шариғат үкімдеріне сай болуы. Міне, осындай халал өнімдер шығару мен халал қызмет көрсетудің кешенді шаралары Қазақстан халқының денсаулығын жақсартуға бағытталады. Халал тек Ислам дін өкілдеріне, имамдарға ғана қатасты нәрсе емес. Халал деген әрбір мұсылманның – өмір сүру салты. Қорыта келгенде, мұсылман баласы қамшының сабындай ғана қысқа өмірде арам нәрселерден аулақ болып, тек қана адал заттарды пайдаланғаны жөн. Күнделікті тұрмыста харамнан қашып, өмірін халал аясында өткізу – әр мұсылман үшін өте маңызды. Шынайы мүмін халал тұрғанда харамды тіпті ойға да алмауы керек. Санасын тұрмыс билеп, адал-арамына қарамай әркім әртүрлі жолмен күн көрісін қамдаған бүгінгі заманда мұсылман адамның өз дініне беріктік танытып, шариғатымыз рұқсат етпеген істерден бойын аулақ салуы, ішкен-жегені мен табысын адалдап, харам түйеден гөрі халал түймені артық санауы, кіршіксіз таза өмір сүріп, адал құл болуға тырысуы – бұл дүниеде де, ақиретте де Алланың разылығына бөлейтін зор сауапты іс болмақ. Анығында сынақ ретінде берілген өмірдің қиындығы да сонда емес пе?! Құрметті мұсылман қауым! Алла Тағала тыйым салған нәрселерден аулақ болып, адал деген затына жақын болайық! Мұсылман жамағаты Алла Тағала рұқсат еткен халал өнімдерді немесе өзі табиғи халал болып саналатын өнімдерді ғана пайдалануы керек. Мұсылман баласы Алла Тағаладан қорқып, тура жолмен жүргені дұрыс және халал мен харамның ара-жігін ажыратып, материалдық тұрғыдан да, рухани жағынан да тап-таза болуы қажет. Сонда ғана дүниеде бақытты, ақыретте жұмаққа кіруге лайықты жандардан боламыз.
Скачать приложение можно по ссылкам, указанным ниже.
#halal #haram #islam #ислам #халяль #халал #харам #гайд #еда #приложение #обзор #кмдб #думк #казахстан #регион #категория #қмдб