Қазақстан халқы жалақысының жартысынан көбін әлі күнге дейін тамаққа жұмсайды. Ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша, орта есеппен әр отбасындағы табыстың 52,8%-ы азық-түлікке кетеді. Бұл — «ең кедей» саналатын Африка елдеріндегі көрсеткішпен шамалас.