Тұрмыстық жанжалдардың басты себебі – маскүнемдік. Тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы Заң күшіне енгеннен бастап 1 мыңнан аса қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру мен ұрып-соғу фактілері анықталды. Былтыр дағдарыс орталықтарына зардап шеккен 120-дан астам әйел және 1264 бала орналастырылды. Отбасының шырқын бұзған 2253 маскүнем есепке қойылды.