
Талай тентектігімен көзге түскен Төреғали Төрәлі тағы да сынның астында қалды. Сахна серісі Астанадағы халал тойлардың біріне ішімдік ішіп барды деген ақпарат тарады. Желіде тойдың иесі оның ішкен алкоголінің чегін жариялапты. Сондай - ақ ашулы ару мерекелік кеште оның тәлтіректеп жүргенін жазған. Өнер иесінің мұндай жауапсыздығынан нәзік жанның әбден көңілі қалғанын байқадық. Жалпы, өнерде жүргендердің мас күйде ұсталып, қоғамды шулатуы таңсық емес. Бірақ киелі сахнаның төріндегілерді тезге салатын уақыт жеткен жоқ па? Қаншама ұл - қыз еліктейтін танымалдарға талапты кім қоюы керек?
Наш сайт -
Tik-Tok -
instagram -
Facebook -
Telegram -
Qoslike -
Көреміз -
#новости #новостиказахстана #первыйканалевразия #первыйканалевразия #новости #новостиказахстана