Азаматтық ауыстыру мен азаматтық позиция. Оқығандар неге Қазақстаннан кетеді? - арнайы репортаж

Просмотров: 284, 540   |   Загружено: 2 мес.
icon
ULYSMEDIA
icon
2, 794
icon
Скачать
iconПодробнее о видео
Ұлыстың командасы Америка Құрама Штаттарынан үлкен шығарылым ұсынады.
Назарымызда Америкадағы қазақ ғалымдары мен әлемдік қаржы ұйымдарында еңбек етіп жүрген отандастарымыз, ғылымның күрделі салаларындағы сарапшылар.

Вашингтон, Нью-Йорк, Бостон қалаларында тұратын кейіпкерлермен штаттарға көшу тарихы, еңбек жолы, олардың Қазақстандағы саясат пен экономика, елдің бүгіні мен келешегі туралы ойларын сұрадық. Әр кейіпкердің тұжырымы өз алдына ерекше.

Мақсатымыз - азаматтарды Америкаға кетуге не Қазақстанға қайтуға үгіттеу емес. Біреуді кінәләу да емес. Тек әлемнің бүгінгі бейнесін қазақтардың көзқарасы арқылы көрсету. Бөлісу, бір сәт тоқтап ойлануға шақыру. Көрейік!

Бірінші бөлімнің кейіпкерлері:

Олжас Жораев, PHD кандидат (George Mason University ), Дүниежүзілік банкте консультант

Наргис Касенова, Гарвард университеті аға ғылыми қызметкері, Дэвис-орталығы Орталық Азия бағдарламасының жетекшісі

Ердос Ордабаев, MIT мен Harvard жанындағы Board Institute ғылыми қызметкері

Тілек Зейноллаев, Citadel хэдж-қорында вице-президент

Тоғжан Қасенова, саясаттану ғылымдарының докторы, Олбани университетінің аға ғылыми қызметкері

Дана Бүкенова, Bloomberg Industry Group сарапшысы.

Тайм-кодтар:

00:01 Анонс
03:08 Атом туралы кітап жазуға 15 жылын арнаған
Тоғжан Қасенова
06:11 Президент әкімшілігінде 10 жылдан астам жұмыс істеген Олжас Жораев Америкаға неге көшіп кетті?
08:50 Дана Бүкенова атақты Bloomberg-ге қандай қызмет атқарады?
12:50 Citadel хэдж-қорында вице-президенті Тілек Зейноллаевтың қызметі қандай?
15:34 Шетелде грантпен оқып, Board Institute ғылыми қызметкері атанған Ердос Ордабаев
18:15 Гарвард университеті аға ғылыми қызметкері Наргис Қасенова бұл қызметке қалай келді?
23:50 Америкадағы әпкелі-сіңлі Қасеновалардың ғылымға қызығушылығын кім оятты?
30:37 Олжас Жораевтың Қазақстандағы жақсы қызметімен қош айтысып, Америкаға кету себебі неде?
36:09 Қазақстанда жобаларға миллиардтаған ақша бөлінеді, бірақ нәтиже неге көрінбейді?
40:35 “Әлемдік деңгейде ғылыммен айналысу үшін көп қаражат керек” - Ердос Ордабаев
41:22 “Қазақстандағы ғылымның деңгейі мәз емес” - Тоғжан Қасенова
44:27 “Егер Қазақстанда өсу мүмкіндігі болса кадрдар қайтып келеді” - Наргис Касенова
49:15 “Америкадағы сарапшылардың айлығы жылына 200-300 мың доллар” - Дана Бүкенова
50:30 “Мемлекеттік сектор ел ішіндегі шынайы жағдайды білмейді” - Олжас Жораев
53:22 “Мәселелердің шешімі - білім мен тәрбиеде” - Тілек Зейноллаев
58:00 “Назарбаевтың жүйесі толық кеткен жоқ” - Наргис Касенова
01:00:15 “Қаңтар оқиғасынан біз ойлағандай өзгеріс болмады” - Тоғжан Қасенова
01:04:07 “Қазақстан өтпелі кезеңде тұрып қалды” - Олжас Жораев
01:06:12 Табиғи ресурсы мен адами ресурсы жеткілікті Қазақстанның дамуына не кедергі? Дана Бүкенова пікірі
01:10:35 “Тоқаевтың қандай президент екенін уақыт көрсетеді” - Тілек Зейноллаев
01:14:17 Тоқаевтың әлемдік саяси бағдары дұрыс па? Наргис Касенова пікірі
01:19:30 “Қазақстанда ашық және әділ жүйе болуы керек” - Дана Бүкенова
01:22:00 “Америкалық арман барын бәріміз білеміз, ал Қазақстанда қандай идеология бар?” - Тілек Зейноллаев
01:28:20 “Жаным ашиды, Қазақстанға көп нәрсе өзгергенін қалаймын” - Ердос Ордабаев
01:31:08 “Үлкен өзгерістер бірден болмайды” - Наргис Касенова
01:37:30 “Неге тойда коррупция жасаған кісілерді төрге отырғызады” - Тілек Зейноллаев
01:39:30 Шетелде 3 млн-нан аса қазақ тұрады. Оқығандар неге Қазақстаннан кетеді?
01:40:23 “Қазақстанда бірде-бір жұмыс ұсынбады” - Тоғжан Қасенова
01:41:00 “Қазақстаннан жұмысқа ұсыныс түспеді” - Дана Бүкенова
01:43:13 “Олар мен туралы білмейтін де шығар” - Ердос Ордабаев Қазақстаннан ұсыныс түспегені туралы
01:46:10 “Ұлттық банктан жұмыс туралы ұсыныс түскен” - Тілек Зейноллаев
01:51:24 “Қазақстаннан саяси қызметке ұсыныс түседі деп ойламаймын” - Олжас Жораев
01:51:45 “Кәсіби тұрғыда Америкада қалғаным дұрыс” - Наргис Касенова
01:53:16 “Шетелде жүріп те Қазақстанға пайда тигізуге болады” - Олжас Жораев
02:00:40 “Қазақстанға қайтқым келеді, бірақ сұрақ қашан қайтатынымда” - Тілек Зейноллаев
02:04:05 “Қазақстан азаматтығынан бас тарту қиын болды” - Дана Бүкенова
02:08:30 Қазақстаннан көшкісі келетіндегі кеңес: Тоғжан Қасенова
02:13:24 Қорытынды

Арнаға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз.
Читайте нас и подписывайтесь:
Сайт ulysmedia.kz
Facebook:
Telegram:
Instagram: @samal.live
@ulysmedia.kz @vyhod_k_pravde
@ulysmedia.kz

Донаты для “Ulysmedia”:
+77017932418
Карта Kaspi Gold: 4400 4301 9413 8266
Карта Halyk Bank: 4300 0327 1086 4101
Samal Ibrayeva Kazakhstan

#Ulysmedia #қазақстанжаңалықтары

Похожие видео

Добавлено: 55 год.
Добавил:
  © 2019-2021
  Азаматтық ауыстыру мен азаматтық позиция. Оқығандар неге Қазақстаннан кетеді? - арнайы репортаж - RusLar.Me