Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 2020 жылдың 14 желтоқсан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжі кітапханасында «Желтоқсан – Тәуелсіздіктің ұлы рухы» тақырыбында виртуалды кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы еңбектері және тәуелсіздік жылдарында баспадан шыққан әдебиет туындыларымен қамтылған кітап көрмесі жасалды.
Мақсаты: Тәуелсіздік жолындағы күрестерді ғасырлар қойнауына жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір белгісі екендігін түсіндіру.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!