
Мас жүргізушілерге қатысты жазаны жеңілдету қажет! Осындай талап қойылған петиция шықты. Оның авторлары масаң күйде көлікке отырғандардың жүргізуші куәлігінен айыру мерзімін қайта қарау және ағзадағы алкогольдің деңгейіне сәйкес жіктеу шкаласын қалпына келтіруді ұсынып отыр. Ал қазір теңселіп тұрып, көлік тізгіндегендер 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылады. Сонымен, сыраға сылқия тойып алғандарға рақымшылық жасау қажет пе? Олардың жазасын жеңілдету дұрыс па? Бұған құқыққорғаушылар неге қарсы? Және неліктен мас жүргізушілерге мейіріммен қарауға болмайды? Бүгін осының ақ-қарасын анықтаймыз. Ендеше, өзекті ақпараттарға назар аударыңыз!
00:00 «Мас жүргізушілерге жазаны жеңілдету керек!»: Жаңа петицияның талаптары қаншалықты орынды?
00:48 «Ауыр үкімнен құтылып кетті»: Көлікпен адамды мерт қылған дөкейдің ұлы жазасыз қалды ма?
01:47 «Басқаша болмайды»: Президент Тоқаев мас жүргізушілерге қатысты қандай мәлімдеме жасады?
02:18 «Қандағы алкогольдің деңгейін анықтау керек»: Сыраға сылқия тойып алғандарға қатысты заң қайта қарала ма?
03:53 «Жазаны, керісінше, күшейту қажет»: Бұған дейінгі петициялар неге қолдау таппады?
04:39 «Жұрт табысынан айырылып жатыр»: Депутаттардың құқық бұзушылыққа тағайындалатын жазаға көзқарасы қандай?
05:32 «Мас жүргізуші – қылмыскер»: Ішкі істер министрлігі нендей пікір білдірді?
06:25 «Қытайда өлім жазасына кесіледі»: Ішімдік ұрттап, көлік айдағандарға әлем елдерінде қандай жаза қарастырылған?
Telegram -
Instagram -
Tik-Tok -
*Сотрудничество: ozektimedia@gmail.com
#жаңалықтар #қазақстан #ЖолЕрежесі #ҚРПолициясы #2025ЖолЕрежес