
---------------------------------------------
Жамбылда елде жоқ ерекше балабақша бар. Бүр түйір бөбегі жоқ. Бірақ 80 қызметкер үйде жатып жалақы алады. Өйткені, мектепке дейінгі білім беру мекемесі үш жыл бұрын жабылып қалған. Салдарынан екі елдімекеннің тұрғындары ұл-қыздарын беретін бос бөбекжай таппай босып кеттік дейді. Ал ғимараттың бүлінуінің сыры неде? Апаттық деп танылмаса да бала қабылдауға неге қауқарсыз? Әріптесім Нұрадин Рақай мәселенің мән-жайын біліп келді.
Бұл бөбекжайдың ашылуынан жабылуы тез болды дейді жаңатастықтар. Бар болғаны бес-ақ жыл жұмыс істепті. Сапасыз болса сұрауы қайда, апатты болса жаңасын салатын уақыт өтті дейді көпшілік.
АРДАҚ ЖАМАНБАЕВ, Жаңатас қаласының тұрғыны:
- Жап-жаңа садик. Бір үш жыл ма жұмыс істеді. Жабылып қалды. Содан бері тұр. Мына асхана жағы жарылған дейді. Мұны пәленбай жыл болды ғой. Жабық тұрғанына. Содан бері істеп ендігі жерде уақыты болды ғой. Құлайтын уақыты болды ғой апатты болса.
Ата-аналардың айтуынша, асханасындағы жарықшақты желеу еткен басшылық бала қауіпсіздігі үшін бөбекжайды жөндемек болған. Бірақ мемлекеттік сараптама ғимаратты апатты емес деп тауыпты. Осылайша үш жыл бойы «Болашақ» балабақшасының қауіпті-қауіпсіз еместігіне нүкте әлі қойылмаған. Соның кесірінен екі ауылдың тұрғындар ұл-қыздарын қайда берерін білмей жүр.
САМАТ ЖАНҚОЖАЕВ, Жаңатас қаласының тұрғыны:
- Жаңатас қаласында садиктердің бәрінде бала тола. Балаларын бере алмай көбісін үйінде отыр. Біздің Малоэтажка, Дегерес екі елдімекеніндегі садик істемей тұр. Біздің балалар қалаға қатынап жатыр. Оның өзі, уақыт бір, жолақасы бар екі. Ол жақ и так симай жатыр. Біз барамыз вообщем ажиотаж болып жатыр.
Ең қызығы, мемлекеттік балабақшаның 80 қызметкері бос ғимаратқа қолы бос уақытта келеді дейді жұрт. Өйткені жұбатар бала жоқ, «бүлдіргенін» тазалар тірлік жоқ. Ал жауаптылар апатты деп тану үшін алты айлап құжат жинағанын, дабылын дәлелдей алмай дал болғанын айтады.
ЭЛЬМИРА СӘТИЕВА, «Болашақ» балабақшасының меңгерушісі: - Заңдылық бойынша айлықтары жүріп жатыр. Бұл апатты емес.
-Не үшін жабылды онда?
-Бұл күрделі жөндеуден өтеді. Міне көріп тұрсыздар ғой. Сырты жарылып кеткенннен кейін күрделі жөндеуге қойып жатыр. Бұл апатты болған жоқ. Мемлекеттік экспертизадан өткенде апатты деп берген жоқ. Күрделі жөндеуді талап етеді деп беріпті.
НҰРАДИН РАҚАЙ, тілші:
- Дәл осы асханадағы жарылған қабырға үшін балабақша қайта ашылуға әзір емес. Ал жаңадан қызметке кірістім деген білім бөлімінің басшысы қызметкерлердің жалақы алуы заңды дейді. Ал, бес жылда бүлінген су жаңа ғимаратқа қайта жөндеу үшін 355 миллион теңге бөлінді, құрылыс жақында басталады деп сендірді. Ел ендігі жерде бұл айтылған да ертегіге айналмаса деп тілейді
---------------------------------------
Ақтаудағы ұшақ апаты -
Бишімбаев ісі -
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -
Жұмбақ өлімдер -
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Информбюро 31
Informburo kz
Facebook -
Instagram -
WhatApp -
TikTok -
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық