Білім ордасы күрделі жөндеуден өтті

Просмотров: 151   |   Загружено: 2 дн
icon
QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы
icon
1
icon
Скачать
iconПодробнее о видео
#qyzylordatv
Конституция және Білім күніне орай Шиелі ауданында 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебі» жұмысын бастады. Сондай-ақ Президент тапсырмасымен мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен салынған алғашқы медициналық нысан пайдалануға берілді. Тұрғындардың қуанышына ортақтасқан аймақ басшысы өзге де әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысты.

№219 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептің іргетасы 1987 жылы қаланған. Қазір мұнда мыңнан астам оқушы білім алады. Осыған дейін шәкірттерге қолайсыздық тудырған оқу ордасы «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өтіп, кабинеттер модификациялық үлгіде жабдықталған. Ғимаратты аралап көрген аймақ басшысы жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, ұстаздарға сапалы білім беруді тапсырды.

Сайт -
Facebook -
Instagram -
Telegram -
Tiktok -

Похожие видео

Добавлено: 56 год.
Добавил:
  © 2019-2021
  Білім ордасы күрделі жөндеуден өтті - RusLar.Me