
Қызылордада АН-2 ұшағы шұғыл қонды. Алайда қайда, қандай жағдайда қонғаны белгісіз болды. Күштік құрылымдар ұшақты 8 сағат іздеп, Сырдария ауданы Тереңөзек кентіне жақын далалық жерден тапқан. Жедел әрекет еткен пилот ұшақты сәтті қондырған көрінеді. Бортта 3 адам болған. Олар «Таң-Құмкөл» бағытына бет алған. Абырой болғанда, борттағылар дін-аман.