
Кино басында басқа ғаламды көрсетеді.Небір тіршілік иелері бар.Сонда директор сөз сөйлейді.Джукли деген ғалымды әкеліп сұраққа тартады. Себебі ол 6 2 6 деген тіршілік иесін шығарыпты.Басқаға қарағанда ерекше күшке ие.Сәл бұзықтау еді.Директор болса 6 26 ны сілтемеге жіберу керек дейді.Оны басқа бөлмеге апарып қамап тастамақшы еді.Кенет 6 2 6 бұлардан қашып,,ғарыш кемесін қолданып мүлдем бұл ғаламнан қашып кетеді. Оның артынан әскерлер қуып еді,бірақ нәтижесіз.Директор сонда Джукли ғалымның өзін 6 26 ның артынан жібереді.Тез арада оны алып келесіз дейді. 6 2 6 болса,дәл қазір жер әлеміне кетіп бара жатыр екен.Джуклидің қасына агент Пликлиді көмекші етіп жібереді.Пликли болса қуанады.Мен баяғыдан жерді көргім келіп еді дейді.Кейін бізге Лило деген қызды көрсетеді.Бұл қыз да сәл тентектеу еді.Ол концертке іс шараға кешігіп келеді. Содан кейін өзімен жасты қыздармен сахнаға шығып билейді.Әпкесі Нани келу керек еді.Бірақ ол жоқ.Бір қыз болса әрі қарай тұршы деп Лилоны итеріп жібереді.Сонда ашуланған Лило,оны сахнадан әрі қарай итеріп құлатады.Осылай концерттің бытшыты шығады.Құлаған қыздың ата анасы директорға шағым айтуда.Бірақ бұл жердегі ұйымдастырушысы,Лилоның жақсы қыз екенін айтады.Тек қана отбасында қиын жағдайлар дейді.Содан кейін Лило үйіне келіп бөлмесінде жатады.Артынан үйге әпкесі Нани келеді.Бірақ онымен бірге бұлардың үстінен қарап жүрген Кекоа деген әйел келеді.Нани мен Лилоның ата анасы жоқ еді.Енді Нани Лилоның қарап асыраушысы болып жүр.Егер,Нани міндетін атқара алмаса,үкімет Лилоны алып қояды екен.Кекоа кеткеннен кейін,Нани Лилоға ұрса бастайды.Неге сен іс шарада бұзақылық жасадың дейді.Осы үйдің қасында көршісі тұрады.
Оның ұлы бар.Ол Наниді ұнатады екен.Аспан әлемінде 6 2 6 кемеде жатыр еді.Бір кезде кемесі істен шығып,бет жоқ жерге қарай келе бастайды.Нани болса сіңлісінен кешірім сұрап екеуі татуласады.Бір кезде Лило,аспаннан бір жарық нәрсенің құлап бара жатқанын көреді.6 2 6 құлаған жерде бақа оған қарап тұрады.Басқа кемеде Джукли мен Пликли екеуі келе жатыр.6 2 6 болса той болып жатқанын көріп,ол жерден тортты байқап қалады.Бірақ оның мойнында қарғыбауы бар еді.Ол өзін тоққа түсіріп,қарғыбауын алып тастайды.Содан кейін әлгі тойға барып,бәрінің күл талқанын шығарады. Олар бәрі түсінбей жатыр.Не тіршілік иесі бұл дейді.6 2 6 болса тортқа қарай ұмтылып оны жейді.Содан кейін бір автобус кетіп бара жатыр еді,ол 6 2 6 ны қағып кетеді.
Әссәләму әлейкум достар! Кино туралы каналымызға қош келдіңіз! Біздің каналда әлемдегі жұлдыздардың өмір баяны.Сонымен қатар,фильмдерге шолу және ол фильмдер жайлы қызық жайттар айтылады. Досым,каналымызға тіркеліп қойыңызшы.Сіздің әрбір қолдауыңыз біз үшін маңызды. Әр бейнеге лайк басып досыңмен бөлісуді ұмытпа!
#КиноТуралы #ҚызықтыДеректер #Ақпараттар