Отандық көліктерді несиеге алу жеңілдей түспек

Просмотров: 11, 024   |   Загружено: 5 дн
icon
Информбюро 31
icon
188
icon
Скачать
iconПодробнее о видео
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:
---------------------------------------------
Ақтаудағы ұшақ апаты -
Бишімбаев ісі -
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -
Жұмбақ өлімдер -

Бүгінгі шығарылымда:
Енді отандық көліктерді несиеге алу әлдеқайда жеңілдей түседі. Өйткені, екінші деңгейлі банктер мен микроқаржылық ұйымдар қарыз алушының борыш жүктемесін тексермейді.
Бұл тәртіп келесі жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданылғалы отыр. Яғни, банктер алдағы екі жыл ішінде отандық компаниялар өндірген жаңа автокөлікті сатып алуға ниетті азаматтың қаржылық жүктемесіне талдау жүргізбейді. Сондай-ақ, көлікті кепілге қоя отырып, бағасының 50 пайызы көлемінде бастапқы жарна төлеген кісі де осы мүмкіндікті пайдалануға құқылы. Ал, зауыттан шыққанына 3 жыл толмаған көліктер үшін бастапқы жарна 30 пайызды құрамақ. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өкілдерінің пайымынша, тиісті қаулыға енгізілген түзетулер отандық автоөнеркәсіпті қолдауға ықпал етеді. Әрі, мүлік кепілге қойылса, қарыздың проблемалық берешекке айналу қаупі төмен. Себебі, мерзімі өткен берешекті кепілге қойылған көлікті сату арқылы өтеуге болады. Айта кетейік, бұйрық бүгін күшіне енді.

---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31
Informburo kz
Facebook -
Instagram -
WhatApp -
TikTok -
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Похожие видео

Добавлено: 55 год.
Добавил:
  © 2019-2021
  Отандық көліктерді несиеге алу жеңілдей түспек - RusLar.Me