Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесті. Ол агроөнеркәсіптік әлеуетті іске асыруға заңнамалық деңгейде қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Өңірге сапар барысында Мемлекет басшысының Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы және аймақтардың өсіп-өркендеуіне жол ашатын жаңа өндіріс орындарын дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға қатысты мәселелер де талқыланды. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін білікті, кәсіби мамандар мен барлық деңгейде кешенді жұмыс жүргізу қажет деді.