Бұл ҚАРАҚШЫЛАР түзеліп,енді ҮКІМЕТКЕ КӨМЕКТЕСЕДІ | Плохие парни 2 2025 мультфильм

Просмотров: 18, 431   |   Загружено: 2 нд.
icon
КИНО ТУРАЛЫ
icon
422
icon
Скачать
iconПодробнее о видео
Бүгін біз көптен күткен "Плохие парни 2" деген керемет мультфильмді қысқаша айтып береміз.Бейне басталмай тұрып каналымызға тіркеліп қойыңыздаршы.Ондай болса кеттік....

Бірнеше айлар бұрын болған оқиға еді.Египет,Каир қаласы.Сулейман мырзаны көреміз.Египеттегі ең бай тұратын адамдардың бірі.Осы кезде өзіміздің төрттік шеберлеріміз қарақшылық жұмыстарын жасауға кіріседі.Жылан Акула Тарантула өздерінің жұмыстарын жасап бәрін дайындап қояды.Сулейман тұратын ғимараттың жарығын сөндіріп,бүкіл системаны сөндіреді.Сол кезде тура аспаннан ұшып Қасқыр келеді.Ол Сулейманды бір қорқытып сосын оның жеке көлік тұрағына кіреді.Ол жерде қасқырдың жақсы көретін ең қымбат көлігі бар екен.Соған бола келіпті.Сулейманның қолына жарылғыш зат қалдырып кетеді де, сосын олар көлікпен қашып кетеді.Жолда бүкіл Мысыр полициясы оларды қуа бастайды.Бірақ қасқыр көлікті мықты жүргізетін еді.Бәрін алдап қашады.Жолда кенет қаншама полиция қызметкерлері тұрып оларды тығырыққа тірейді.Сонда Тарантурал компьютер арқылы,алыста тұрған кранды басқара кетеді.Қасқыр көлігімен су жағасына секіріп,кран оны магнитіне жабыстырып алады.Содан кейін олар тағы да жолға шығып әрі қарай қашып құтылады.Қасқыр болса өмірімде осыдан басқа көлікке отырмаймын дейді.Қазіргі уақытты көреміз. Қасқыр ескі көлікпен жүр екен.Олар алдыңғы бөлімінің соңғы жағында көргеніміздей жақсы жаққа өзгерген еді.Енді олар қарақшылар емес,керісінше үкіметке көмектесетін керемет азаматтар.Қасқыр Жылан Тарантула Акула бәрі өздеріне жұмыс іздейді.Алайда олардың ешқайсын жұмысқа қабылдамайды.Қасқырға қызметкер өзінше бас кезінде үміт сыйлайды.Ойланып көрерміз дейді.Қасқыр қуанып сыртқа шығады да,қайтадан келсе әлгі қызметкер қасқырдың түйіндемесін жыртып тұр екен.Қасқырдың көңіл күйі түсіп кетіп қалады.Сол бырқылдаған көлігімен өздерінің үйіне келеді. Акула Тарантула бәрі көңіл күйсіз отыр.Олар теледидар көреді.Бір кезде ұрлық жасалды деген жаңалық айтылады.Бір қызығы ұрлықтың артында белгісіз біреу мына төртеуінің қолтаңбасын қалдырыпты.Енді ел тағы да осыларды ұрлық жасады деп ойлайды.Олар артынан Жыланды сұрайды.Ол қайда жүр дейді.Бір кезде жылан жақсы көңіл күймен келеді.Менің жұмыстарым көп.Иогам бар сау болыңдар деп тағы да кетіп қалады.Мыналар болса таңғалады.Жылан өз өзіне ұқсамайды дейді.Одан кейін Қасқыр Диана түлкімен бокстасып жаттығады.Қасқыр болса өзінің осы ортаға әлі де үйрене алмай жүргенін айтады.Бізді жұрт әлі де қарақшылар ретінде көреді дейді.Түлкі болса сабыр сақта,қоғам міндетті түрде сіздерді қабылдайды дейді.Түлкі өзі губернатор ғой,алайда оның Қызғылт табан екенін ешкім білмейді.

Әссәләму әлейкум достар! Кино туралы каналымызға қош келдіңіз! Біздің каналда әлемдегі жұлдыздардың өмір баяны.Сонымен қатар,фильмдерге шолу және ол фильмдер жайлы қызық жайттар айтылады. Досым,каналымызға тіркеліп қойыңызшы.Сіздің әрбір қолдауыңыз біз үшін маңызды. Әр бейнеге лайк басып досыңмен бөлісуді ұмытпа!

#КиноТуралы #ҚызықтыДеректер #Ақпараттар

Похожие видео

Добавлено: 56 год.
Добавил:
  © 2019-2021
  Бұл ҚАРАҚШЫЛАР түзеліп,енді ҮКІМЕТКЕ КӨМЕКТЕСЕДІ | Плохие парни 2 2025 мультфильм - RusLar.Me