Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан әр адамға 5 миллион теңге беріледі. Бұл Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылмақ. Қазір елде 120 соғыс ардагері, жеңісті жақындатуға үлес қсоқан 42 545 азамат тұрады. Былтыр оларға 16 млрд теңгеден астам мемлекеттік жәрдемақы төленді. Ал биыл қазынадан 17 млрд бөлінген. Дәлірек, майданда болғандарға 62 912 теңге берілсе, жеңісті жақындатуға үлес қосқандар 8376 теңге алады.