Өзбекстанда білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту салаларында жемқорлық белең алған. Бұл туралы Өзбекстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі баспасөз қызметінің жетекшісі Шерзод Сапаров мәлімдеді. Айтуынша шенеуніктер арасында да сыбайластық әрекеттер азаймай тұр. Мәселен былтыр тек әкімдердің 309 көмекшісінің үстінен жемқорлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданған.
#өзбекстан #Новости #24KZ #хабар24