
---------------------------------------------
Ақтаудағы ұшақ апаты -
Бишімбаев ісі -
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -
Жұмбақ өлімдер -
Бүгінгі шығарылымда:
Ақтөбе облысында бүтін бір ауылдың халқы екі күннен бері үйде қамалып отыр. Себебі, елдімекен қалың қардың астында қалған. Үш күннен бері тоқтаусыз жауған ақ ұлпадан жұрт әбден әбігерге түстік деп күйінеді. Себебі, арнайы техника тек санаулы көшені қардан аршыды деп отыр. Көпшіліктің мердігер компанияның жұмысына көңілі толмайды. Жұрттың талап-тілегін өңірдегі әріптесім Камшат Қопаева тыңдап келді.
КӘМШАТ ҚОПАЕВА, тілші:
- Көшенің қары міне тізеден келеді. Көлік түгілі жаяу адам осылай омбылап әрең жүреді. Тұрғындардың дені қалың қардан ұл-қыздарымыз мектеп пен балабақшаға жете алмай, үйде қалды деп қынжылады.
Маржанбұлақ ауылында мыңнан астам үй бар. Тұрғындардың дені қалаға қатынап жұмыс істейді. Бірақ қар аршу жұмыстары дұрыс жүргізілмегендіктен көшеге шығу мұңға айналды дейді ашынған халық.
АЙБАТ ӘЛЖАНОВ, Маржанбұлақ ауылының тұрғыны:
- Субботадан бері бұл жақтың қары ашылған жоқ. Воскресенье, понедельник болды әлі аршылған жоқ, көріп тұрсыздар. Үш күннен бері үйден шыға алмай жатырмыз. Осы жылы мердігер компанияны алып тастау керек. Қырғын погрузчик, техника бар дейді бірде бір қар аршылған жоқ.
Арнайы техника тек «орталықтағы екі-үш көшенің ғана қарын тазартты» дейді қараша. Айтуларынша, ақ ұлпаның қалыңдығы кей жерде тіпті бір метрге жуықтаған. Бұрын-соңды мұндайды көрмеген жұрт аудандық атқамінерлер мәселені назардан тыс қалдырды деп отыр.
АБАТЖАН ОМАРҒАЛИЕВ, Маржанбұлақ ауылының тұрғыны:
- Неге уақытында организовать етпейді? Түнгі сменмен неге тазаламайды? Халықтың жанайқайы. Үлкен адамдар бар. Мектепке баратын балалар бар. Бәрі шыға алмай жатыр осы жерден. Алдымызда көктем келе жатыр. Ертең қар ериді. Бір-екі күнде еритін болса мына қардың бәрі сайға қосылады. Сайдағы үйлердің бәріне қауіп төніп тұр. Оны ойлап жатқан адам жоқ.
Ал жергілікті биліктің өкілдері техника жеткілікті, көшелер кезекпен тазаланып жатыр деп ақталды. Алдымен қоғамдық көлік жүретін көшелерге мән берілетінін айтады.
ВИКТОРИЯ ШИРЯЕВА, Маржанбұлақ ауылдық округі әкімдігінің бас маманы:
- Мердігер компаниямен үш жылға келісімшарт жасалған. 2025 жылға 63 миллион теңге қаржы қарастырылған. Маржанбұлақ ауылында 72 көше бар. Кесте бойынша қар аршу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Түнде бір техника кезекшілік етеді. Күндіз үш техника шығады. Бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар мектеп, балабақша көшелері тазартылады. Содан кейін екінші кезектегі көшелерге көңіл бөлінеді.
"Қазгидрометтің" мәліметінше, Ақтөбе облысына соңғы үш күнде бір айлық нормадан үш есе артық қар түскен екен. Ауыл түгілі қаланың ішінде де қозғалыс қиындаған.
---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31
Informburo kz
Facebook -
Instagram -
WhatApp -
TikTok -
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық