Атырауда екі күннің бірінде жарықсыз қалатын жұрт шу шығарды

Просмотров: 975   |   Загружено: 1 дн
icon
Информбюро 31
icon
7
icon
Скачать
iconПодробнее о видео
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:
---------------------------------------------
Атырауда екі күннің бірінде жарықсыз қалатын жұрт шу шығарды. Жаңа тұрғын үй кешенін қыруар қаражатқа алған қараша электр желілері дұрыс тартылмаған деп қапалы. Тоқтың жоқтығынан жылу мен газ да жиі өшеді екен. Жыл он екі ай жағдай қайталанып келеді деген тұрғындармен өңірдегі әріптесім Жұлдыз Тілеухан тілдесіп келді.
ЖҰЛДЫЗ ТІЛЕУХАН, тілші:
- Кезекті рет жарықсыз қалған жұрттың бұл жолы сабыры сарқылғандай. Төзімдері таусылған тұрғындар мәселені көтеру үшін бүгін түгел жиналды. Газ бен жылу тоққа тікелей байланысты болғандықтан күздің қара суығында баспана іші азынап, үйде отыру мүмкін болмай кетті дейді көпшілік. Және қалаған кезімізде ыстық тамақ әзірлеп жей алмайтын жағдайға жеттік деп отыр.
САЙРА ДОСҚАЛИЕВА, Атырау қаласының тұрғыны:
- Бізде ақпан айында екі күн жарық болмай қалды. Адамдардың барлығы күзетшіден барып шай қайнатып жүрдік. Бізде газ жоқ, жарық болмай қалса ештеңе болмай қалады. Бәрі сол тоққа қарап тұр. Бұған дейін біздер уақытша тоқпен отырдық.
АНЕЛЬ ӘЛІМҚЫЗЫ, Атырау қаласының тұрғыны:
- Қыста тоқ үзіліп апатты жағдайлар болды. Барлығы бірден істен шықты. Біз де жарық, жылу, су жоқ кездерде эвакуацияландық. Қарашада негізі кепілдік мерзімі аяқталуы керек. Әлі түк те жасалған жоқ.
Екі жыл бұрын ғана "Кәусар" тұрғын үй кешенінен қыруар қаражатқа жаңа пәтер алған халық құрылыс компаниясы электр желілерін дұрыс жасамаған деп отыр. Көпқабатты үйде тіпті төтенше жағдай кезінде қолданылатын арнайы құрылғы жоқ екен.
ӘНИЯ ӘНЕТОВА, Атырау қаласының тұрғыны:
- Барлық тұрғын үй кешендерінде өртке қарсы арнайы құралдар болуы тиіс. Әр блокта. Бірақ бізде жоқ. Ертең оқыс жағдай бола қалса қалай болады. Соны неге ойламайды. Қыруар қаржы төлеп сатып алдық. Алайда, ырығы мен жырығы бір бітпей қойды. Шаршатты.
Ал шенеуніктер көпқабатты үй қала теңгеріміне өтпейді деп отыр. Сондықтан барлық олқылықты мердігер компания ретке келтіру керек дейді.
ОЛЖАС ХАСАНОВ, Атырау қалалық түкш инспекциясының бас маманы:
- Кәусар тұрғын үй кешені қазіргі уақытта әкімдік баланысына тапсырылмаған. Біздің теңгерімде жоқ болғандықтан құрылыс салушы мекеме тарапынан тұрғын үйдің жұмыстарын тапсыру тиіс. Барлық инженерлік желілері қазіргі уақытта тұрғын үй салған мекеме теңгеріміне кіреді. Біздің теңгерімде болса көрсетер едік, бірақ бізде емес.
Құрылыс компаниясы сұхбат беруден бас тартты. Сондықтан тұрғындар тоқты өз күштерімен қайта тартуға кіріскен. ЖТ, ФТ, ИБ, АО.
-----------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:
Бишімбаев ісі -
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -
Жұмбақ өлімдер -
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Информбюро 31
Informburo kz
Facebook -
Instagram -
WhatApp -
TikTok -
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Похожие видео

Добавлено: 55 год.
Добавил:
  © 2019-2021
  Атырауда екі күннің бірінде жарықсыз қалатын жұрт шу шығарды - RusLar.Me