БҰЛ ҚЫЗ еркек сияқты БАТЫР болып өседі | Храбрая сердцем 2012 мультфильм | Кино шолу

Просмотров: 14, 718   |   Загружено: 1 мес.
icon
КИНО ТУРАЛЫ
icon
231
icon
Скачать
iconПодробнее о видео
Бүгін біз 2012 жылы шыққан "Храбрая сердцем" деген керемет мультфильмге шолу жасаймыз.Мультфильм жалпы қызық.Ендеше басынан бастап аяғына дейін көріңіздер.Кеттік...

Элинор деген ханшайым бар.Өзінің Мерида деген қызымен ойнап жүреді.Олар таза ауада қыдырып жүр екен.Фергус деген әкесі қызына садақ атуды үйретеді.
Садақтың оғы орман жаққа кеткенде,Мерида артынан барады.Сонда бір түрлі көгілдір түсті құбылысты көреді.Сосын оны анасына айтады.Әкесі деген жарайды еріге бермеңдер,кеттік дейді.Бір кезде Элинор мен қызына алып аю атыла бастайды.Сол кезде Фергус ол аюмен төбелесіп кетеді.Элинор қызын атқа мінгізіп сарайға алып кетеді.Біраз уақыт өтті.Фергус болса аюмен төбелескеннен бір аяғынан айырылыпты.Мериданың артынан үш інісі туылыпты.Үшеуі деген тентектер екен.Мерида да есейіпті.Арада анасы қызына не істеу керектігін үйретеді.Ертең тұрмысқа шыққанда,не істеу керек екенін білу керексің дейді.Бірақ Мерида өзі әкесінен батылдықты үйренген соң,әрдайым садақ атып аңшылыққа шыққысы келеді.Сөйтіп орман жаққа барып,садақпен атып жүріп жаттығады. Сосын үйіне келсе,әкесі ұлдарына аюмен төбелескенін айтып отыр.Элинор болса қызына қарап,ханшайым деген қаруды тастау керек.Тұрмысқа дайындалу керек дейді.Бірақ әкесі,мазасын алмашы,ханшайым да төбелесуді білу керек дейді.Элинор артынан күйеуіне қарап,бәрі келісіп тұр дейді.Сөйтсе,олар Меридаға күйеу таңдамақшы.Ол үшін қызын сұрап бірнеше патшалықтар келеді.Мерида қарсы болады.Ашуланады.Алайда анасы біраз жүріп қызын көндіреді.Қызына орамал тағып жақсы киіндіріп қояды.Содан кейін Мерида әкесі мен анасының қасына отырады.Әр жақтан келген қонақтар өздерінің ұлдарымен келіпті.Олар да қызық өздері.Бірін бірі мазақтап жұртты қарқылдатып бір күлдіртеді.Бір бірімен төбелесіп кеткенде,Фергус атып тұрып ұрсады.Енді канеки дұрыс болыңдар дейді.Үш теңтек те қоймайды.Қысқасы тағы да төбелес болып кеткенде,Элинор барлығын тыныштандырады.Сосын жарыс ұйымдастырады.Кім мықты болады. Сол Мериданың жүрегін жаулай алады дейді.Патшалықтың балалары өздерінше өнерлерін көрсетеді.Оған Мерида әкесі екеуі бір біріне қарап,олухтар екен ғой деп күледі.Шотландық патшаның баласы қызық өзі.Бірақ нысанаға тура тигізеді.Бір кезде орамалын шешіп тастап,шыдай алмай Мерида шығады.Элинор болса ашуланады.Мерида болса мен сендерге қазір көрсетемін деп,бүкіл нысанаға тура тигізеді.Элинор қатты ашуланып,Мериданы бөлмесіне қамап тастайды. Мерида деген ашуланады.Сен мені өзің сияқты қылғың келеді.Ал мен ондай болмаймын.Сен нағыз құбыжықсың деп қатты айтады.Ол клемде тұрған отбасының суретін қылышпен кесіп тастайды.Элинор жыртықтың бір жағында қалады.Элинор шошып кетеді.Сосын барып қызынан садақты жұлып алады да,отқа лақтырады. Мерида атқа мініп қашып кетеді.Қатты шауып бара жатқанда домалап құлайды.

Әссәләму әлейкум достар! Кино туралы каналымызға қош келдіңіз! Біздің каналда әлемдегі жұлдыздардың өмір баяны.Сонымен қатар,фильмдерге шолу және ол фильмдер жайлы қызық жайттар айтылады. Досым,каналымызға тіркеліп қойыңызшы.Сіздің әрбір қолдауыңыз біз үшін маңызды. Әр бейнеге лайк басып досыңмен бөлісуді ұмытпа!

#КиноТуралы #КиноШолу #Храбраясердцем2012

Похожие видео

Добавлено: 56 год.
Добавил:
  © 2019-2021
  БҰЛ ҚЫЗ еркек сияқты БАТЫР болып өседі | Храбрая сердцем 2012 мультфильм | Кино шолу - RusLar.Me