
---------------------------------------------
Шымкенттің көпбалалы аналарына 20 мың теңгеден берілетін болды. Халықаралық әйелдер күнінде жолданатын қаржылай құттықтау сомасын бүгін қаланың мәслихат депутаттары мақұлдады. Бір реттік төлемді “Алтын алқа”, “Күміс алқа” иелерімен қатар 4-5 баланың аналары да алады. Қалада олардың саны 68 мыңға жуықтайды. Жергілікті биліктің өкілдері ақша “Азаматтарға арналған әлеуметтік төлем” корпорациясынан бөлінеді деп отыр.
ҰЛДАНА БЕКБАУ, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы бөлімінің бас маманы:
- Шымкент қаласы мәслихат шешіміне сәйкес жыл сайын 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне орай бір реттік әлеуметтік көмек 5 АЕК мөлшерінде жылда төленуде. Бұл бойынша еш жерде өтініш берудің қажеті жоқ. Зейнетақы төлеу орталығынан тізім алынады. Сол есепшотқа аударылады.
----------------------------------------
Ақтаудағы ұшақ апаты -
Бишімбаев ісі -
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -
Жұмбақ өлімдер -
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Информбюро 31
Informburo kz
Facebook -
Instagram -
WhatApp -
TikTok -
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық