
Бұқаларды ұстайтын саябақты көреміз.Ішінде кішкентай бұқалар ойнап жүр.Бәрі балалар еді.Вальенте дегені өзінше мақтаншақ еді.Себебі әкесі арнайы жарысқа қатысады екен.Содан орын алады деп сенімді жүр.Фердинанд болса гүлдерді жақсы көреді.Бір кезде бүкіл алып бұқалар келеді. Балалардың әкелері еді.Вальенте болса өскесін алып бұқа болатынын айтып мақтанады.Матадор деген қызметкерді жеңу олар үшін мәртебе еді. Басқа да балалар өскесін жарыста болатынын айта бастайды.Бірақ Вальенте оларға қарап,сендер бәрілерің әлсізсіңдер дейді.Фердинанд болса сол өзінің гүлімен арпалысып жүр.Алып бұқалар араңға кіре бастайды.Сол жерде Фердинаттың да әкесі жүр.Вальентенің де әкесі бар.Осы кезде екеуі бір бірімен сүзісе бастайды.Бір кезде Матадор шығып,Фердинандтың әкесін таңдайды.Вальентенің әкесі болса ашуланып қалады.Оған ұлының да көңілі түсіп қалады.Кейін Фердинанд әкесіне барады.Сонда әкесі оған арманын айта бастайды.Жақында мен үлкен аренаға шығамын.Атақты боламын ,бұл деген бүкіл бұқаның арманы дейді.Сонда Фердинанд,менің арманым болмағаны айып емес пе дейді.Әкесі деген,сенің арманың өзгереді.Ертең сен менен де үлкен бұқа боласың деп қалады.Фердинанд болса шын ба деп қуанады.Артынан көлік келіп,Фердинандтың әкесі артына отырып кетіп қалады.Кеш батқасын Фердинанд әкесін күтіп жүреді.Бірақ әлгі көлік келіп,артыңғы жақ бос болады.Фердинандтың көңіл күйі түсіп кетеді.Барлық бұқалар өздерінің арандарында еді.Бір кезде қызметкер адам келіп Фердинандты ұстап алмақшы болады.Сол кезде Фердинанд мүлдем бұл жерден қашып кетеді.Жүгіріп қашып кетіп бара жатқан пойыздың ашық вагонына секіреді.Пойыз тоқтағанда содан шығып орманның арасына қашып кетеді.Сөйтіп кетіп бара жатқанда жаңбыр жауғандықтан аяғы тайып домалап құлап түседі.Көзін бір ашса,бір адам итімен келіп тұр екен.Келесі күні көзін ашса, әлгі қыздың сарайында жатыр.Бұл қыз келіп,Фердинандты сипалап,оны жақсы қарайтынын айтады.Осыдан бастап бұл қыз Фердинандпен жақсы дос болады.Қыздың әкесі бар және үйінде иті бар еді.Арада уақыттар өтіп жатады.Фердинанд осы үйге үйренеді.Қызбен бірге аулаға шығады.Кейде табиғатқа шығып гүлдерді иіскейді.Осылайша алып бұқа болып өседі.Таңертең жақсы көңіл күймен Фердинанд есік алдына шығады.Ұйықтап жатқан әтешті оятады.Содан кейін Пако есімді итпен ойнай бастайды.Бүгін гүлдер фестивалі екен.Сондықтан Фердинандтың көңіл күйі өте жақсы.Пако болса осы жолы Фердинандтың қала жаққа бармайтынын айтқысы келеді.Бірақ Фердинанд тыңдамайды.Артынан үйдің иесі шығып,шынымен сол жаңалықты растайды.Фердинанд осы жолы бармайды.Үйде қалады дейді.Оған қыздың көңіл күйі түсіп қалады.
Әссәләму әлейкум достар! Кино туралы каналымызға қош келдіңіз! Біздің каналда әлемдегі жұлдыздардың өмір баяны.Сонымен қатар,фильмдерге шолу және ол фильмдер жайлы қызық жайттар айтылады. Досым,каналымызға тіркеліп қойыңызшы.Сіздің әрбір қолдауыңыз біз үшін маңызды. Әр бейнеге лайк басып досыңмен бөлісуді ұмытпа!
#КиноТуралы #ҚызықтыДеректер #Ақпараттар