
Шаһардағы мүмкіндгі шектеулі жандарға бүгін бос жұмыс орындары ұсынылды. Екі қолға бір күрек іздеген ақтөбеліктер таңмен қалалық "Мансап" орталығына жиналды. Мамандандырылған шағын бос жұмыс орыны жәрмеңкесінде 13 мекеме 30-ға жуық жұмыс ұсынды. Өндіріс, қызмет көрсету салалары бойынша мамандар қажет. Мүгедектерге арналған жәрмеңке жылына екі рет өткізіледі. Былтыр 10 адам жұмыс тапқан. Менеджер, бухгалтерлік есеп оқытушылары, ағылшын, биология пәндерінің мұғалімдері, көгалдандырушы, тігінші, тазалықшы мамандары қажет. Бүгін түске дейін 3 адам жұмыс тапқан. Жәрмеңке кезінде жұмыс іздеушілер қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстары, мемлекеттік қайтарымсыз гранттар жөнінде мәлімет алды. Сондай-ақ, облыстық "Кеңес" Жастар ҚБ мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментінің өкілдері мемлекеттік қызметке түсу бойынша ақпарат берді.
Сайт телеканала
Twitter
Вконтакте
Telegram