Халықтан келіп түсетін өтініштерге айрықша назар аудару қажет. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында осылай деді. Қазір елде атқарылып жатқан жұмыстарға көпшіліктің көңілі бірдей тола бермейді. Тұрғындардың басым бөлігі медицина саласына көп сын айтады. Сондай-ақ тұрғын үй саласына шағым көп.