Метапневмовирус Еуропаға жетті. Румынияда сырқаттың алғашқы жағдайы тіркелді. Науқас Орадия қаласының 67 жастағы тұрғыны. Әйел ауруханаға жатқызылды. Жағдайы тұрақты. Ол елден ешқайда шықпаған. Бір күн бұрын денсаулығына байланысты сараптамадан өтіп, кейін вирус жұқтырғаны анықталды. Қазір науқас тұратын Бихор округінде эпидемиологиялық тергеу басталды, деп хабарлады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.