Соққыға жығылып көз жұмған күзетшінің туыстары күдіктінің тиісті жазасын алғанын қалайды

Просмотров: 3, 346   |   Загружено: 1 дн
icon
Информбюро 31
icon
61
icon
Скачать
iconПодробнее о видео
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:
---------------------------------------------
Алматыдағы көпқабатты үйлердің бірінде аяусыз соққыға жығылып көз жұмған күзетшінің туыстары күдікті ретінде ұсталған азаматтың тиісті жазасын алғанын қалайды. Және Нұрбол Қайыпбаевтың жақындары марқұмды өлімше етіп сабаған адамның психикалық ауытқуы бар екеніне күмәнмен қарайды. Расымен де күдіктінің ақыл-есінде кемшілік бар ма? Егер диагнозы рас болса азамат қалай көлік тізгіндеп келген? Диана Тұрлыбектің бейнематериалынан көрейік.
Алты айдан бері сот-медициналық сараптама қорытындысын күткен Нұрбол Қайыпбаевтың жақындары күдікті тиісті жазасын ала ма деп үміттенген. Бірақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде азаматтың психикалық ауытқуы бар екені анықталып, тергеу тоқталды дейді. Бұндай жаңалықты естіген марқұмның туыстары төбелерінен жәй түскендей күй кешкен. Енді олар күдікті сол күйі жазасыз қала ма деп алаңдайды.
МАЙРА ҚАЙЫПБАЕВА, марқұмның анасы:
- Ауру деп оны апарып Ақтасқа больницаға жатқызып қойды. Онысына менің көңілім толған жоқ. Күндіз сап-сау болып жүріп, машина айдап қызын барып алып келіп жүргені, по городу ездил это было нормально? Содан бері қаншама уақыт өтті неге жазылмайды ол бала? Не әкесі, не шешесі келмеді. Айтады ғой, қазақта "Алдыңа келса атаңның құнын кеш" деп.... Мен әлі сенбеймін баламның жоқ екеніне. Күн өткен сайын оған деген сағынышым артып барады
Жәбірленуші тараптың заңгері құзырлы орган өкілдеріне істі қайта қарау үшін арыз түсірмек. Ал, марқұмның әйелі күдіктінің өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілгенін қалайды.
ӘСЕМ МОЛДАХҰНОВА, марқұмның әйелі:
- Қолымен істеген ісін мойнымен көтерсін деймін. Өзінің нақты жазасы өмір бойына түрмеге жабылса екен деймін. Потому что ертең бұндай адам жер басып жүрсе тағы біреудің баласын, әйелін, күйеуін соларды өлтіреді. Тағы да халық зардап шегеді. Бұндай адам қамауда жату керек.
Айта кетейік, биыл 29 наурыз күні Алматының элиталы тұрғын үй кешенінде күзетші болып істеген Нұрбол Қайыпбаев көлігімен сыртқа шықпақ болған азаматтың алдын бөгеген. Бірақ, темір тұлпар тізгіндеген жүргізуші жігіт ағасын бірнеше рет машинасымен жаншып өтіп, кейін үстіне секіріп, тепкінің астына алған. Ауыр соққыдан кейін күзетші қайтыс болды. Ал, қыркүйектің 12-сі күні Алматы қаласының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарының тоқтатылғанын мәлімдеген еді. Бүгінде осы мәселеге қатысты қалалық прокуратураға сауал жолдадық. Құқық қорғау органдарының жауабын міндетті түрде Информбюроның алдағы шығарылымдарында беретін боламыз. Диана Тұрлыбек, Влад Шишко, Информбюро, Алматы.
-----------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:
Бишімбаев ісі -
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -
Жұмбақ өлімдер -
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Информбюро 31
Informburo kz
Facebook -
Instagram -
WhatApp -
TikTok -
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Похожие видео

Добавлено: 55 год.
Добавил:
  © 2019-2021
  Соққыға жығылып көз жұмған күзетшінің туыстары күдіктінің тиісті жазасын алғанын қалайды - RusLar.Me