Астана маңындағы ауылда қайғылы жағдай! 9 жастағы қызды мектеп автобусы қағып, жеткіншек оқиға орнында қаза тапты. Қараөткелдегі қаралы жайт білім ордасының аумағында болған. Марқұмның туыстары мектеп басшылығы аулаға автобусты неге кіргізеді деп налып отыр.