Қазақстан Мен Тәжікстанның парламентаралық байланысы нығая түседі

Просмотров: 5   |   Загружено: 18 час.
icon
QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы
icon
0
icon
Скачать
iconПодробнее о видео
#qyzylordatv
Тәжікстан Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге дайын. Бұл туралы Тәжікстан Парламенті жоғарғы палатасының төрағасы Рустами Эмомали Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевпен кездесуде айтты.

Әңгімелесу барысында екі ел арасындағы байланыстар талқыланды. Әсіресе өңірлік тұрақтылық, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынас және рухани дипломатия мәселелері көтерілді. Тараптар Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының алдағы съезі туралы да пікір алмасты. Мәулен Әшімбаев пен Рустами Эмомали президенттер деңгейінде жасалған келісімдерді заң жүзінде жүзеге асыру үшін парламенттер арасындағы әріптестікті кеңейту қажет екенін атап өтті.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ /аударма/ Жоғары деңгейдегі тұрақты кездесулердің және мемлекет басшыларының өзара сапарларының нәтижесінде ауқымды мәселелер бойынша маңызды келісімдерге қол жеткізілді. Олар бауырлас халықтарымыздың ұлттық мүдделеріне сай келеді және елдеріміздің өзара іс-қимылын жан-жақты тереңдетуге айтарлықтай серпін берді. Осы орайда біздің басты міндетіміз – мемлекет басшыларының деңгейінде қол жеткізілген барлық уағдаластықты тиімді іске асыруға ықпал ету

РУСТАМИ ЭМОМАЛИ, ТӘЖІКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МАДЖЛИСИ ОЛИ МАДЖЛИСИ МИЛЛИ ТӨРАҒАСЫ
/аударма/ Біз Қазақстан мен Тәжікстанның парламентаралық байланысын жоғары бағалаймыз. Бұл тұста ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комиссияның жөні бөлек. Мұндай байланыстар елдеріміз арасындағы стратегиялық байланыс пен достық қарым-қатынасқа ерекше әсер етеді. Байырлас Қазақ елімен ынтымақтастығымызды одан әрі тереңдете түсу үшін бар күш жігерімізді жұмсауға дайын екенімізді тағы бір рет атап өткім келеді.

Сайт -
Facebook -
Instagram -
Telegram -
Tiktok -

Похожие видео

Добавлено: 56 год.
Добавил:
  © 2019-2021
  Қазақстан Мен Тәжікстанның парламентаралық байланысы нығая түседі - RusLar.Me