Бір мақсатқа біріккен
Сұлтан МҰСАХАН. Назарбаев Университетінің магистранты. Жасушалық және молекулярлық биология саласында жұмыс істейді. Химиялық препараттардың қатерлі ісік жасушаларына әсерін зерттеу бойынша жобаның қатысушысы. АҚШ-тың Бостон Университетінде және Қытайдың Сямынь университетінде ғылыми машықтанудан өткен.
Мәулен Бектұрғанов. 23 жаста. Программист. Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университетінің түлегі. «М-бионикс» компаниясының негізін қалаушы. Бионикалық протездер өндірісіне маманданған.
Диссертациясының шеңберінде Сұлтан Мұсахан ғылыми-зерттеу жұмысын Канаданың Брок Университетінде жалғастырады. Ары қарай ол PhD дәрежесін алуды және онкология және вирусология саласында зерттеулер жүргізуді көздейді.
Мәулен Бектұрғанов 2017 жылы «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» ұлттық тізіміне кірді. Бүгінде ол өзінің жасап шығарған бионикалық протездерін жетілдірумен айналысып жүр. Мәулен мүмкіндігі шектеулі жандарға жаңаша өмір бастауға көмектесетін жаңа протездер жобалауды, сондай-ақ тренажерлер, экзоқаңқалар мен өзге биотехнологиялық бұйымдар жасап шығаруды жоспарлап қойған.
Производство: Телекомпания Апорт
Эфир: Kazakh TV
Режиссер монтажа: Владимир Хан;
Операторы: Ниджат Юсупов, Анатолий Валуйский, Бахытжан Бахриев.
Редактор: Еркебулан Бекмуханбет;
Шеф-редактор: Тамара Аушахметова;
Исполнительный продюсер: Галия Азимова;
Генеральный продюсер: Ирина Барманкулова
2018 год
Все выпуски
Документальные фильмы:
Single market: