
Аймақта 73 өрт сөндіру орталығы ұйымдастырылған. Одан өзге, орман және дала өртін сөндіретін еріктілер тобы да бар. Алда тағы 12 өрт сөндіру бекеті құрылады. Жаз басталғалы облыс аумағындағы ашық учаскеоерде бірнеше жанулар тіркелген. Қазір аймақта 9 орман шаруашылығы бар. 7 орман өртін сөндіру станциясы жұмыс жасайды. Биыл тағы үшеуі қосылады.Осыған орай, департамент өкілдері демалыс күндері рейдке шығады. Бүгінге дейін өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 25 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 668 мыңнан астам айыппұл салынды. Тұрғын аймақ шегінде ереже бұзған жеке тұлғаға 78 мың теңге, кәсіпкерге 786 мыңнан 1 млн. 800 мың теңгеге дейін айыппыұл түрінде әкімшілік жаза қарастырылған. Және алғашқы ескертусіз айыппұл бірден салынатын болады.
Сайт телеканала
Вконтакте
Telegram