
Перизат Қайрат мүгедек балаларға оңалту орталығын салу үшін жиналған ақшаны жұмсап жіберген. Biz Birgemiz қорының бұрынғы басшысы Перизат Қайрат тағы бір іс бойынша алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Қаржылық мониторинг агенттігінің ақпаратынша, ол осыдан төрт жыл бұрын Ақмола облысында «Батыр» қоғамдық бірлестігіне оңалту орталығын салу үшін ақша жинау мақсатында қайырымдылық аукционын ұйымдастырған. Жұрттың сенімін арттыру үшін шараға балалардың ата-аналары да тартылған. Нәтижесінде, аукционнан 22 миллион теңге түсіп, оны ол өз қажеттілігіне жұмсаған.