"Кейбір азаматтар елімізді мазақ қылуға әуестеніп барады". Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында осылай деді. Президент шоу-бизнес өкілдері мен өзін өзі «қоғам белсендісі» санайтын жастар Қазақстанға неше түрлі лақап ат қоя бастағанын айтты. Бұл ақылға сыймайды деген Тоқаев мін айтқыштардың арасында депутаттардың да барын жасырмады. Сан саладағы өзекті мәселер жіпке тізілген жиында тағы не талқыланды? Ел басшысының сынына ұшыраған Үкімет мүшелері мен әкімдер олқылықтың орнын жоя ала ма?