Жергілікті полиция жойылады! Тоқаев органдағы кемшіліктерді анықтауға 1 апта берді

Просмотров: 34, 540   |   Загружено: 2 мес.
icon
Ozekti Media
icon
907
icon
Скачать
iconПодробнее о видео
Ал сіз «участковыйды» көріп жүрсіз бе? Комментарийге жазыңыздар 👇🏻

Тоқаев құқық қорғау органдарының кемшіліктерін анықтауға 1 апта уақыт берді. Оның тапсырмасына сай, Президент Әкімшілігі мен Қауіпсіздік Кеңесі саладағы барлық түйткілдер мен олқылықтарды ашық көрсетуі керек. Арнайы талдау жүргізетін олар мемлекет басшысына мәселелерді жіпке тізіп қана қоймай, шешу жолдарын да ұсынуы тиіс. Бұған дейін Қазақстанда жергілікті полиция қызметі жойылатыны әйгіленді. Өйткені, бұл орган қоғамдық тәртіпті сақтап, құқықбұзушылықтардың алдын алудың орнына абаттандыру ережелерінің бұзылуын анықтап, құрылыс қалдықтарын шығару сынды екінші кезектегі жұмыспен айналысып кеткен көрінеді. Сөйтіп, жергілікті полиция үмітті ақтамапты, тиімділігін дәлелдей алмапты.

00:00 «1 апта уақыт берді»: Тоқаев өз Әкімшілігі мен Қауіпсіздік кеңесіне қандай тапсырма жүктеді?
00:39 «Ешқандай қателік жоқ деп айтуға болмайды»: Президент құқық қорғау органдарына неге шүйлікті?
01:14 «Түбегейлі өзгерістерге дайын болу керек»: Мемлекет басшысы кімдерге ескерту жасады?
02:01 «Сервистік модель енгізу қажет»: Құқық қорғау органдарының жұмысына нендей өзгерістер енгізілмек?
02:35 «Басшылар арасындағы келіспеушілікке алып келген»: Жергілікті полиция қызметі не себепті жойылмақ?
03:26 «Реформаны қолдауыңызды сұраймын!»: Ішкі істер министрінің орынбасары депутаттарға тағы қандай өтініш білдірді?
04:17 «Халықпен күні-түні байланыс болу керек»: Полиция мен бұқара арасындағы қарым-қатынастың нашарлап кеткені рас па?
04:51 «Жиналыс өткізгенін көрген емеспін!»: Депутат Мұрат Әбеновке учаскелік полицейлер не деп мұңын шаққан?
05:19 «Респонденттердің 25% мүлде танымайды»: Сіз «участковыйды» көріп жүрсіз бе?
06:17 «Толып жүр, әр жерде тоқтатады»: Көшеде полицейлер неге көбейіп кетті?
06:46 «Проблемалар көп»: Министрлік депутаттардың пікірімен келісе ме?
07:28 «Бір сілкіп алды»: Вице-министр Санжар Әділов кімнен сөз естіді?
07:43 «Бірге ұйықтамайды ғой олар?!»: Мәжіліс төрағасы неге ашуға булықты?
08:17 «Инспекторларға жаңа талаптар қойылып жатыр»: Ішкі істер министрлігінің орынбасарына Ерлан Қошанов қандай ақыл айтты?

#участковый #президент #тоқаев #токаев #учаскелікполицияинспекторлары #жаңалықтар #новости #полиция #мвд #депутат #мәжіліс #мажилис #заңментәртіп #законипорядок #іім #антикор #коррупция #сақшы #Әбенов

Telegram -
Instagram -
Tik-Tok -

*Сотрудничество: ozektimedia@gmail.com

Похожие видео

Добавлено: 56 год.
Добавил:
  © 2019-2021
  Жергілікті полиция жойылады! Тоқаев органдағы кемшіліктерді анықтауға 1 апта берді - RusLar.Me