Маңғыстау облысы Маңғыстау ауылындағы Тәуелсіздік саябағы қоқыстан тазартылды. Шара «AMANAT» партиясының «Таза Бейсенбі» акциясының аясында өтті. Оған партияның аудандық филиалының ондаған қызметкері, жастар орталығы мен бастауыш партия ұйымдарының өкілдері жұмылдырылды. Олар желді ауа райына қарамастан арамшөп жұлып, қураған ағаштарды тазалады. Нәтижесінде 300 келіге жуық қоқыс жиналды.