Ажырасып баюға болады. Мемлекет екі жаққа кеткендерге қол ұшын созып жатыр. Үйіңді де береді, қалтаңа ақшаңды да салады. Әлеуметтік желіде тараған осы ақпаратты оқығандар жаппай айырылысуға көшкен. Олар ойдағы олжаға кеңелу үшін отбасын ойрандаудан тайынбайды. Көздегенін алғаннан кейін түк болмағандай қайта қосылып, бақытты өмірін жалғастырады. Депутаттар бұл нағыз алаяқтық деп дүрлігіп отыр.