Еліміздің солтүстігінде автобус күтіп шаршаған ауыл жұрты көмек сұрайды

Просмотров: 191   |   Загружено: 1 дн
icon
Информбюро 31
icon
1
icon
Скачать
iconПодробнее о видео
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:
---------------------------------------------
Еліміздің солтүстігінде автобус күтіп шаршаған ауыл жұрты көмек сұрайды. Облыс орталығына қатынайтын тұрғындар шағын бес қоғамдық көлікке сыймай, аялдамада сағаттап тұрады. Сондықтан оң мыңнан астам адам қоныстанған елдімекен халқы автобус санын арттырсын деген талап қойып отыр. Бұл мәселе қашан шешіледі? Жауаптылар не дейді? Руслан Жасұланұлы жалғастырады.
РУСЛАН ЖАСҰЛАНҰЛЫ, тілші:
- Бұл Петропавлдан қала іргесіндегі Бескөл ауылына қатынайтын автобус. Нөмірі 101-інші бағыттағы қоғамдық көлік күндіз бос болғанмен таңғы және кешкі уақытта лық толады. Соның салдарынан шағын көлікке тұрғындардың көбі сыймай қаламыз дейді.
Облыс орталығында қызмет ететін Алмат Досмағамбетов басшылықтан күнде ескерту алады. Себебі, жұмысқа кешігуі жиілеген. Таңертең қалаға кететін азамат үйге түнделетіп келемін деп отыр.
АЛМАТ ДОСМАҒАМБЕТОВ, Бескөл ауылының тұрғыны:
- 101-ші бағыттағы автобусқа отыру өте қиын. Жаңа ғана көрдіңіздер көз алдымызда тоқтамай өтіп кетті. Күнде осы көрініс. Өйткені лық толы автобусқа жолаушылар бір-бірін итеріп әрең кіреді. Кіре алмағандары мен сияқты келесі автобусты күтеді.
Жұмысқа, оқуға асыққан адамдар көлікке ілігу үшін барын салады. Ал тар жерде қысылған қарт кісілердің қан қысымы көтеріліп, жағдайы нашарлайды екен. Тұрғындардың айтуынша, бар-жоғы бес автобус он мыңнан астам халқы бар елдімекенге жетпейді.
СВЕТЛАНА ИВАНОВА, Бескөл ауылының тұрғыны:
- Үлкен автобус берсін. Бес жылға жуық осы мәселені көтеріп келеміз. Үйге қонаққа келетін туыстардан ұят болды. Олар амалдың жоқтығынан қонып қалады. Біз шалғайдағы ауылда тұрмаймыз ғой. Қалаға жете алмай қиналып жүргеніміз мынау.
Ал, жауапты одақтың төрағасы мәселені шешуге қаржы қолбайлау болды деп отыр. Яғни, тасымалдаушы компанияның жаңа қоғамдық көлік алатын мүмкіндігі жоқ.
АЛИНА СЕМЕНОВА, СҚО автокөлік одағының төрағасы:
- Жолаушылардың сыймайтынын білеміз. Бірақ автобус санын арттыратын немесе үлкен автобус алатын тасымалдаушының ақшасы жоқ. Оған қоса басқа бағыттар сияқты субсидия төленбейді. Пайда аз болған соң ешкім қаржы құйғысы келмейді.
Ауыл жұрты жанайқайын облыс әкіміне жеткізбек. Себебі, теріскейдің қысы қытымыр. Аязды күндері аялдамада сағаттап тұру нағыз азап дейді тұрғындар. Руслан Жасұланұлы, Азамат Елубаев Информбюро СҚО.
-------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:
Бишімбаев ісі -
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -
Жұмбақ өлімдер -
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Информбюро 31
Informburo kz
Facebook -
Instagram -
WhatApp -
TikTok -
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Похожие видео

Добавлено: 55 год.
Добавил:
  © 2019-2021
  Еліміздің солтүстігінде автобус күтіп шаршаған ауыл жұрты көмек сұрайды - RusLar.Me