Атырау облысында көктемгі су тасқынына дайындық басталып кетті, деп хабарлайды 24KZ. Қазірдің өзінде 50 тоннаға жуық жанар-жағармай мен 235 мың тонна инертті материал әзірленген. 250-ге жуық техника мен 3 тікұшақ сақадай сай. Сондай-ақ биылғы көктемде Жылыой ауданының тұрғындарын әбігерге салған Жем өзені мен Құрсай каналының арнасы да тереңдетіліп жатыр.
#жылыой #жемөзені #сутсқыны #атырауоблысы #Жаңалықтар #24KZ #хабар24