
Абай болыңыз! Қазақстанның барлық дерлік өңірінде күн қатты ысиды. Ауа температурасы 46 градусқа дейін көтеріледі. Синоптиктер осындай ескерту жасап отыр. Болжамға сенсек, еліміздің орталығында алдағы күндері күндізгі уақытта 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Метеорологтардың жорамалына қарағанда, облыстың күнгей жағында апшыны қуыратын аптап тіркеліп, сынап бағанасы 42 градусқа дейін жоғарлайтын түрі бар. Ал Шығыс Қазақстанда түнгі температура 12-23-тен 17-25 градусқа дейін көтерілмек. Күндіз де ауа температурасы 39 градусқа дейін барып, ми қайнатып, жұртты әбден әбігерге салмақ. Ал 19 маусымда кейбір аудандарда 40 градусқа дейін өте қатты ыстық болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыста түнгі температура 25 градусқа дейін сәл көтеріледі. Күндіз мұнда да күннің астында жүрмеген абзал. Себебі, термометр +39 градус көрсетпек. Кейбір жерлерде, тіпті 42 градусқа дейін өте қатты ыстық сақталады. Кейін күн салқындайтын сияқты. Мамандар солтүстік-батыс циклонының өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болатынын айтады: найзағай соғып, жаңбыр жауады, күшті жел соғатын көрінеді. Солтүстік-батыс пен теріскейде нөсер жауынның соңы бұршаққа ұласуы мүмкін. Мұнда түнгі температура 23 градусқа дейін төмендейді, күндізгі +35-тен түсіп, 31 градусқа дейін салқындайды. Ал Оңтүстік өңірлер 46 градусқа дейінгі аптап ыстықтан құтылмақ. Ауа температурасы 38 градусқа дейін төмендейді.
00:00 “Жұртты әбігерге салмақ”: Қай өңірлерде күн қатты ысиды?
01:09 “Жауынның соңы бұршаққа ұласады”: Аптаптың беті қашан қайтады?
01:46 “Қырық күн шілде”: Ауа райына қатысты халықтың болжамы қандай?
02:18 “Көздің көрмей қалу қаупі бар”: Қатты ыстық пен шақырайған күн ағзаға қалай әсер етеді?
03:10 “Кофе мөлшерін асырмаған жөн”: Дәрігерлер не деп дабыл қақты?
03:40 “Бұл жаз бұрынғыдан өзгерек”: Премьер Бектенов нендей тапсырма берді?
04:36 “Өрт маусымына дайын емес”: Үкімет неге алаңдаулы?
05:25 “Биыл өте қауіпті жыл!”: Министр Нысанбаев қандай ескерту жасады?
Telegram -
Instagram -
Tik-Tok -
*Сотрудничество: ozektimedia@gmail.com
#Қазақстан #Қазгидромет #аптапыстық #ауарайы #жылу2025 #шілде2025 #күнсымағы #ыстықкүндер #жаңбыр #бұршақ #найзағай #жел #шілденіңшіліңгірі #жазғыаптап #ыстыққаескерту