Сенбе
Қаншама күнім
сенсіз өтсе де,
Ұйқысыз түнім мейлі бітсе де,
Мен өзіңді енді іздемеймін,
Көздемеймін.
Қаншама күндерге қарамай,
Кінәні кімнен деп сұрамай.
Қаламай, таламай, сен жыламай,
Бақытыңды менен іздемей, санамай.
Еркекпін қайғырып несін өтем,
Бақытты сәтімді алда күтем.
Кетеміз енді тек мүлде бөтен,
Тыңда.
Өтірік сен де, мен де,
Жүргеніміз керек кімге,
Жалған таққан бет-бейне,
Махаббатымызға сенбе.
Қаншама күнім
сенсіз өтсе де,
Ұйқысыз түнім мейлі бітсе де.
Мен өзіңді енді іздемеймін,
Көздемеймін.
Болды жетеді, тағы жылама,
Қайғырып жылап мұңмен құлама.
“Қателік сенен” - деп сынама,
Төзім бітсе де шыдауға бола ма.
Мен емес сені бақытты қылатын,
Күнде гүлменен есігіңде тұратын,
Күтіп алып кешке тағы шығарып салатын,
Тыңда…
Өтірік сен де, мен де,
Жүргеніміз керек кімге?
Жалған таққан бет-бейне,
Махаббатымызға сенбе.
#latif #сенбе #латиф #latifsenbe #latif #liliya