"6 жасар жиенін қасақана өлтірген". Шымкент тұрғыны 20 жылға сотталды. Жағаұстатарлық оқиға былтыр жазда болған. Сотталушы өзінің туған әпкесінің қызы ұйқысынан оянып, айқайлай бастағанына ашуланып, оның аяқ-қолын біріктіріп байлап, ұрып-соғып, еденге құлатқан. Соның салдарынан бала есінен танып қалған. Бірақ мұнымен шектелмеген ол әрі қарай ваннаға су толтырып, кішкентай қызды тұншықтырып қасақана өлтірген. Үкім заңды күшіне енді.