![](https://ruslar.me/mobile/static/img/info.png)
Әнді жүктеу / Скачать трек:
Концерт, Той және басқа да сұрақтар бойынша : 📞 +7 777 020 91 00
YouTube:
Instagram:
Telegram:
Текст/Песни
" Бөлексің досым "
1)Қалай қарасамда бөлексің досым,
Маған әрқашанда керексің досым.
Бұл өмірде сендей досым барына,барына,
Тағдырыма тәубе деймін мен досым.
Қуансам да,мұңайсам да біргесің,
Бірге жылап,бірге ойнап-күлесің.
Мен биікке жетіп жатсам егерде,егерде,
Досым оған көп қой сенің үлесің.
Қайырмасы:
Жүрегімде менің жүресің досым.
Бөлексің ғой маған білесің досым.
2)Біреу айтып есіреді мың досын,
Біреу айтып көсіледі жүз досын.
Жеме-жемге келген кезде бірақта,бірақта,
Табалмайды арасынан шын досын.
Ал,мен болсам биік ұстап басымды,
Мақтанышпен көрсетемін досымды.
Нағыз досым аман жүрші әрдайым,әрдайым,
Достығымыз асып өтсін ғасырды.
Все права защищены. Полное или частичное копирование материалов запрещено, при согласованном использовании материалов необходима ссылка на ресурс.
© Meir Kairat Production