Келер жылы Қатон-Қарағайға Алматы мен Астанадан тікелей рейстер қатынайтын болады.
Көлік министрлігінің дерегінше, Қатон-Қарағай мен Зайсан бойынша ұшу-қоны орындары айқындалды. Туристік аймақтарла әуежайлардың құрылысы 2025 жылы басталады. "Қатон-Қарағайда Солдатов деген жерде, ал Зайсанда Сәтбай деген жерде болады. Оған Өнеркәсіпті қолдау қоры арқылы ATR деген арнайы ұшақтар сатып алынбақ. Өйткені бізде оған ұшатын Bombardier деген 5 қана ұшақ бар, деді министр.
#қатон #Алматы #24KZ #хабар24