
35 жастағы жүргізуші Қазақстанда тұруға рұқсаты бар шетелдік азамат болып шықты. Құжаттарды тексеру кезінде оның бірнеше заң бұзушылыққа жол бергені анықталды: сақтандыру полисі болмаған, көлік техникалық тексерістен өтпеген, сондай-ақ көлік құралын тіркеуге қоймаған. Бұған қоса ол такси қызметінің мобильді қосымшасы арқылы бес жолаушыны заңсыз тасымалдап жүрген. Полицейлер әкімшілік хаттама толтырып, жүргізушіге 100 мың теңге көлемінде айыппұл салды. Ал заңсыз жолаушылар тасымалдауға қатысты мәселені сот қарайтын болады. Көлік айып тұрағына қойылды. Қостанай облысының полиция департаменті «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасының республика көлемінде жалғасып жатқанын хабарлады. Операцияның алғашқы күнінде облыс бойынша 400-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталған. Оның ішінде 4 жүргізуші алкогольдік масаң күйде рөлге отырғаны белгілі болса, 35 жүргізуші куәлігінен айырылғанына немесе мүлде жүргізуші куәлігі жоқ екеніне қарамастан көлік тізгіндеген.
Сайт www.qostanaitv.kz
Facebook -
Telegram -
Tik Tok -
Instagram -
Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз:
AppStore -
Google Play -
#qostanay #kostanay #қостанай #қостанайоблысы #қостанайқаласы #Қазақстан #Казахстан #Qazaqstan #новости #новостисегодня #итогинедели #жаңалықтар #бүгінгіжаңалықтар #дәлқазір #тазаҚазақстан #Референдум #АЭС